1 шілде – орталықтандырылған кітапхана ұжымымен ЗУМ платформасында «Жаңа әліпбидегі жаңалықтар» тақырыбында онлайн-дәріс өтті
«Жаңа емле бойынша төл сөздердің жазылуы» сабақ
ЗУМ бағдарламасында өткен онлайн сабаққа мектеп мұғалімдері және қаржы саласы мамандары қатысты. Онда латыннегізді қазақ тілінің емле ережелеріндегі төл сөздердің жазылуын түсіндірді.
«Баянды бастаманың болашағын сіз қалай көресіз?» сауалнама
Облыстық дала өлкесі тарихы мұражайы мен орталықтандырылған кітапхана жүйесінде қазақ тілін латын графикасына көшіруге деген тұрғындардың көзқарасын анықтауда музей және кітапхана қызметкерлерінен сауалнама алынды. Сауалнамаға барлығы 29 мәдениет саласы қызметкерері қатысты
Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту» сабақ
«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нде В2 ортадан жоғары деңгей курсын оқып жүрген Арқалық қазақ жасөспірімдер театры ұжымына орталық оқытушысы Жазира Смагулова онлайн режимде қазақ тілін жаңғыртуда латын әліпбиінің рөлі туралы айтты.
Шеттілден енген сөздердің жазылуы»
«Шеттілден енген сөздердің жазылуы» тақырыбында Арқалық медициналық колледжі оқытушыларына онлайн режимде латыннегізді емле ережелеріндегі шеттілдік сөздердің жазылуы түсіндірілді.