«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Латын әліпбиі: баянды бастаманың болашағын сіз қалай көресіз?» тақырыбында желі қолданушыларынан онлайн режимде сауалнама жүргізілді

15 шілде күні Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының инстаграмм парақшасында «Латын әліпбиі: баянды бастаманың болашағын сіз қалай көресіз?» тақырыбында желі қолданушыларынан онлайн режимде сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижесінде 100% қолдайтындарын білдіріп, пікірлерін жазды. Яғни біздің желі қолданушыларымыз, тұрақты оқырмандарымыз латыннегізді әліпбиді толық қолдайтындықтарын көрсетті.