Құрметті тіл сүйер қауым!
Шілде айынан бастау алған «Men qazaqsha jazamyn» – акциясын жалғастырамыз. Акция аясында түрлі тапсырмалар, зияткерлік ойындар мен қызықты сұрақтар жаңа әліпби негізінде берілетін болады. Аталған шараға орталықтың кез келген (whatsApp, instagram, Facebook, т.б.) әлеуметтік желілер мен сайттағы желі қолданушылары мен оқырмандары қатыса алады. Сонымен, келесі тапсырмалар мынадай:
- Төменде берілген суреттер бойынша мақалдарды тауып, жауабын латыннегізді әліпбиде жазу.
Жауабы:
Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді.
Taıaq etten, sóz súıekten ótedi
Түйе тұзға, жігіт қызға барады
Túıe tuzǵa, jigit qyzǵa barady
Жауабы:
Есекті отқа айдасаң, боққа қашады.
Esekti otqa aıdasań, boqqa qashady.