30 қыркүйекте Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б.Өмірзаққызы «Раушан» бөбекжай-балабақшасы ұжымымен «Латын әліпбиі – келешек үшін кемел білімнің кепілі» тақырыбында кездесу өткізді. Аталған шараға 11 тәрбиеші қатысып, латыннегізді әліпби бойынша өз пікірлерін ортаға салды.