«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Латын әліпбиі – келешек үшін кемел білімнің кепілі

28 қыркүйекте Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ж.Муханбетжанова «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы ұжымымен «Латын әліпбиі – келешек үшін кемел білімнің кепілі» тақырыбында кездесу өткізді. Аталған шараға 10 тәрбиеші қатысып, латыннегізді әліпби бойынша өз пікірлерін ортаға салып, жаңаша жазып үйренді.