Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді ілгерілету бойынша 2020 жылдың 4 тоқсанындағы желілік жоспарға сәйкес Ауыл тұрғындарымен онлайн режимде "Жаңа әліпбимен бірге жаңғырайық" тақырыбындағы өңірлік семинар өз жұмысын бастады.
Қазан айының 5-нде қалаға ең жақын ауыл Родина тұрғындарымен өткен іс-шарада жалпы қазақ жазуының тарихы баяндалып, латыннегізді әліпбиді жетілдірудегі жаңалықтар сөз етілді.