Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді ілгерілету бойынша 2020 жылдың 4 тоқсанындағы желілік жоспарға сәйкес Ауыл тұрғындарымен онлайн режимде "Жаңа әліпбимен бірге жаңғырайық" тақырыбындағы кезекті өңірлік семинар қазан айының 6-нда Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Аталмыш шарада жалпы қазақ жазуының тарихы баяндалып, латыннегізді әліпбиді жетілдірудегі жаңалықтар сөз етілді.