Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді ілгерілету бойынша онлайн режимдегі "Жаңа әліпбимен бірге жаңғырайық" кезекті өңірлік семинар қазан айының 12-нде Восточный ауылы тұрғындарының қатысуымен өтті. Аталмыш шарада жалпы қазақ жазуының тарихы баяндалып, латыннегізді әліпбиді жетілдірудегі жаңалықтар сөз етілді. Сондай-ақ, жергілікті халыққа түсіндірмелі, танымдық бейнероликтер ұсынылды. Семинарға барлығы 12 адам қатысты.