Латыннегізді қазақ әліпбиін насихаттау бойынша танымдық видео
Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Б.Майлин атындағы №3 орта мектеп оқушыларына латыннегізді қазақ әліпбиін насихаттау бойынша қарашаның 12-інде танымдық бейнеролик көрсетілді. WhatsApp желісі арқылы көрсетілген бейне сабақта қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесі кез келген сала мамандарына қатысты екені айтылып, қазақ жазуындағы тарихи реформаның алар рөлі зор екені сөз етілді.
Қатысушылар саны: 82
11 сынып – 12 оқушы
10 сынып – 25 оқушы
9А, 9Б сынып – 45 оқушы