Латыннегізді қазақ әліпбиін насихаттау бойынша түсіндірмелі бейне-сабақ
18 қараша күні Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен №10 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен латыннегізді қазақ әліпбиін насихаттау бойынша түсіндірмелі бейне-сабақ өтті. Шара барысында оқушыларға жазу реформасындағы жаңалықтар мен емле ережесіндегі ерекшеліктер жайы талқыланды. Бейнедәріске барлығы – 14 оқушы қатысты.