Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияда латыннегізді қазақ әліпбиін насихаттау бойынша желтоқсанның 9-ында түсіндірмелі бейнеролик көрсетілді. Онлайн режимдегі бейнероликте қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесі кез келген сала мамандарына қатысты екені айтылып, қазақ жазуындағы тарихи реформаның алар рөлі зор екені сөз етілді.