Латыннегізді қазақ әліпбиін насихаттау бойынша танымдық видео
Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Арқалық медициналық колледжінің студенттеріне латыннегізді қазақ әліпбиін насихаттау бойынша желтоқсанның 14-інде танымдық бейнеролик көрсетілді. Аталған шарада қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесі кез келген сала мамандарына қатысты екені айтылып, қазақ жазуындағы тарихи реформаның алар рөлі зор екені сөз етілді. Студенттер қазақ тілін латын графикасына көшіруді толық қолдайтындарын жеткізді.
Қатысушылар саны: 16