«Жаңа әліпби – жаңғыруға беталыс» атты кездесу
15 қаңтар күні Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен ТБРК «Алюмини құрылыс» мекемесі ұжымының қатысуымен «Жаңа әліпби – жаңғыруға беталыс» тақырыбында кездесу өтті. Аталған шараға қатысушылар өз тараптарынан жаңа әліпбиге көшу барысындағы басты мәселелерге тоқталып, көкейдегі сауалдарын қойды. Ал орталық қызметкерлері қатысушыларға жаңа әліпбиді насихаттайтын арнайы жадынамаларды тапсырды. Кездесуге барлығы 18 адам қатысты.
