«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Латынға көшу – өркениет жолы»
«Латынға көшу – өркениет жолы» атты кездесу
13 қаңтар күні Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты оқытушыларының қатысуымен «Латынға көшу – өркениет жолы» тақырыбында кездесу өтті. Аталған шарада ЖОО оқытушылары қазақ тілін латын графикасына көшіру жайлы өз пікірлерін ортаға салып, жетілдірілген әліпбидің артықшылықтары мен кемшіл тұстарын талдап-талқылады. Кездесуге барлығы 19 адам қатысты.