«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Жаңа әліпби – жаңалыққа толы»

 «Жаңа әліпби – жаңалыққа толы» атты ашық ой алаңы

20 қаңтар күні Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері арасында «Жаңа әліпби – жаңалыққа толы» тақырыбында ашық ой алаңы өтті. Аталған шарада ұстаздар қауымы қазақ тілін латын графикасына көшіру жайлы өз пікірлерін ортаға салып, жетілдірілген әліпбидің артықшылықтары мен кемшіл тұстарын талдап-талқылады. Қатысушыларға орталық атынан арнайы латыннегізді әліпбиге негізделген жадынамалар таратылды. Ой алаңына 23 адам қатысты.