«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Жаңа жазуды жаңғыртайық»

«Жаңа жазуды жаңғыртайық»

 

11-ші ақпанда Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Ж.Смағұлова А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының ұжымына жетілдірілген әліпби жайлы ақпараттық жұмыс жүргізді. А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы ұстаздарының қатысуымен өткен «Жаңа жазуды жаңғыртайық» тәжірибе-сабағы барысында қатысушыларға жетілдірілген әліпби нұсқасы түсіндіріліп, жазуды жаңғырту мақсатында түрлі жазбаша тапсырмалар орындалды.