«Латын графикасына көшу – заман талабы»
2 наурызда қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жандандыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖОББМ ұстаздарының қатысуымен «Латын графикасына көшу – заман талабы» тақырыбында онлайн дәріс-сабақ өткізілді. Аталған шарада қатысушыларға қазақ жазу тарихының кезеңдері көрсетіліп, жетілдірілген әліпби таныстырылды.