«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Латын әліпбиі-жаңғыру жолында»

«Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің қолдауымен және «Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі-жаңғыру жолында» атты семинар өтті.  Семинарға Қостанай қаласынан «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ-нің бөлім басшысы К.Бимағанбетов және «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері А.Нұрбекова қатысты. Іс-шара барысында мамандар мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне жетілдірілген әліпби туралы түсіндірді. Сонымен қатар әліпбидегі соңғы жаңалықтармен бөлісіп, қатысушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. 

{gallery}/-3{/gallery}