23 сәуірде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жандандыру мақсатында қала, ауыл мектептері басшылары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Латын әліпбиі – жаңа көкжиек» тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Аталған шарада қатысушыларға орталық басшысы Б.Қалмағанбетова қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі туралы баяндама оқыды. Вебинар барысында орталық әдіскері Ж.Мизамханқызы «Латын әліпбиі – жаңа көкжиек: жетілдірілген әліпби ерекшелігі», ҚР-ғы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы 12 тармаққа сәйкес Қазақстан азаматтарының тегі мен есімдерін дұрыс жазу жайлы «Тегімізді түзеу – тектілік» тақырыптарында баяндама оқып, түрлі тапсырмалар орындалды.
{gallery}-2/4{/gallery}