16 сәуірде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жандандыру мақсатында тілдер орталығының оқытушысы Балайым Молдабекова «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы тәрбиешілерінің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – тіл реформасының бір сатысы» тақырыбында дөңгелек өткізді. Аталған шарада қатысушыларға қазақ жазу тарихының кезеңдері көрсетіліп, жетілдірілген әліпби таныстырылды.