«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Жетілдірілген әліпбидегі диакритикалық таңбалар»

9 желтоқсанда қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Жетілдірілген әліпбидегі диакритикалық таңбалар» тақырыбында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерімен дәріс өтті. Дәріс барысында кітапханашылар жетілдірілген әліпбидегі таңбалармен таныса келе, қызықты өлеңдер оқып оқу дағдығын, сөздер жазу арқылы көз дағдысын қалыптастырды. Сонымен қатар «Жасырын сөз» ойынын ойнап, әліпбиге қатысты сұрақтар қойып, ой бөлісті.

{gallery}/-/-/6{/gallery}