20 желтоқсанда қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жандандыру мақсатында Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тегіңді түзеу – тектілік» тақырыбында Кейкі батыр атындағы №4 ЖОББМ мұғалімдерімен тәжірибе-сабақ өтті. Сабақ барысында спикер Ж.Мизамзханқызы жазуымыз латын графикасына көшкенде жаңа әліпбиіміздің ерекшелігіне қарай аты-жөндерімізді бұрмаламай, дұрыс жазып, ұлттық ерекшелігін бірден ажыратуға мүмкіндік туатындығы жайлы нақты мысалдармен түсіндірді.
{gallery}/-2/6{/gallery}