«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Латын әліпбиі: Жетілдірілген жаңа нұсқа»

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жандандыру мақсатында орталық әдіскері Ж.Смагулова Арқалық медицина колледжі студенттерімен ««Латын әліпбиі: Жетілдірілген жаңа нұсқа» тақырыбында түсіндіру жұмысын өткізді. Аталған кездесуде студенттермен жетілдірілген әліпбиде тапсырмалар орындалып, ойындар ойналды, барлық қатысушы студенттерге әліпбидің жаңа нұсқасы таратылды. Сонымен қатар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Осы ретте тілдерді оқыту орталығы атынан кездесуді ұйымдастырып өткізуге мүмкіндік берген колледж әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.

{gallery}--/1{/gallery}