«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Жетілдірілген әліпбидегі диакритикалық таңбалар»

15 қараша күні орталық әдіскері Ж.Смагулова Арқалық политехникалық колледжі студенттерімен «Жетілдірілген әліпбидегі диакритикалық таңбалар» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісте қазақ жазу тарихы, жетілдірілген әліпбидегі диакритикалық таңбалар жайлы мәліметтер берілді. Сонымен қатар дәріс барысында студенттер көз дағдысын, оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында қызықты ойындар ойнап, қысқа мәтіндер оқыды. Әр студентке әліпби таратылды. Дәріс соңында «Есептеу техникалары және ақпараттық желілер» мамандығы, ОП-11 тобының кураторы Г.Қоқашева орталық әдіскеріне қызықты, қажетті ақпараттар бергені үшін алғысын  білдірді.

{gallery}55/3{/gallery}